Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Путин жалдамалы қызметкерлердің беделіне нұқсан келтіргендерді 7 жылға дейін соттайтын заңға қол қойды

azattyq.org

Путин жалдамалы қызметкерлердің беделіне нұқсан келтіргендерді 7 жылға дейін соттайтын заңға қол қойды

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғыста Ресей жағында соғысып жүргендер туралы, оның арасында еріктілер де бар, "жалған ақпарат таратып", "беделіне нұқсан келтіргендерді" жазалайтын заң жобасына қол қойды. Құжат құқықтық ақпарат интернет-порталында жарияланды.Ресейде қорғаныс министрлігінің хабарламасынан өзгеше соғыс туралы кез келген ақпаратты билік "жалған" және "арандату" деп атайды. Мысалы, орыс әскерінің бейбіт тұрғындар паналаған Мариупольдегі драма театрды бомбалауы, Мариупольдегі перзентханаға соққы жасағаны ақпарат ретінде мойындалса да, билік мұны "фейк" дейді.Заң жобасына сәйкес, "жалған ақпарат тарату" туралы бұған дейін қабылданған бапқа(207-бап) түзетулер енгізіледі. Бұған дейін заң тек орыс армиясына алынғандар мен мобилизацияланғандарды ғана "қорғаса", енді оған еріктілер мен жалдамалы солдаттар кіріп отыр. Жаңа түзетуге сәйкес, баптың алғашқы тармақтары бойынша жаза үш жылдан бес жылға дейін ұлғайтылады. Екінші және үшінші бөлігі бойынша ең үлкен жаза – 10-15 жыл түрме жазасы болып өзгермеген күйі қалған."Ресей армиясының беделіне нұқсан келтіру" туралы бапқа өзгертулер мен түзетулер енгізілді. Жаңа түзетулер бойынша, 280-бап ("беделге нұқсан келтіру") бойынша ең үлкен жаза 5 жылдан 7 жылға ұлғайтылды.Қаңтар айында "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожин "еріктілердің беделіне нұқсан келтірумен айналысатын жекелеген БАҚ, блогерлер мен Телеграм-арналар бар" деп мәлімдеп, оны "оны қатаң түрде тоқтату" қажеттігін атап өткен. Бұдан соң мемлекеттік дума спикері Вячеслав Володин қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттерге мәселені "дереу" зерттеп, заңға өзгеріс енгізу мәселесін қарастыруды тапсырған.Қараша айында Ресей басшысы Владимир Путин еріктілерді жалдамалы әскери қызметкердің мәртебесіне теңестіретін заңға қол қойған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 мамыр 2025