Ел азаматтары шетел валютасынан гөрі теңгеге басымдық береді

2015 жылдан бастап ұлттық валютадағы депозиттердің үлесі 24% тен 65%-ке дейін өскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Jjtv.kz-ке сілтеме жасап. Финпром.кз порталының дерегінше, биылғы қыркүйек айының аяғында халықтың екінші деңгейдегі банктердегі қаржылай салымдары 14,7 триллион теңгені құрады. Бұл ретте теңгенің үлесі басым. Шамамен ол 65%-тен асты. Қалған депозиттер шетел валютасына тиесілі. Осыдан 7 жыл бұрын 76,4%-пен дәл осы көрсеткіште керісінше, шетелдік ақшаның салымдары үстемдік құрған еді. Ал, 2016-шы жылы оның көлемі тіпті 80%-ке дейін жеткен болатын. Бұдан былай бұл межеден аспай теңгенің дәуірі басталды. Қазақстандықтар қаржысын ұлттық валютамен жинауға ден қоя бастады. Оны жөн шешім деп тапқандардың қатары жылдан-жылға артып келеді. "Оған елімізде экономиканы долларсыздандыру, монетарлық саясаттың тиімділігін және ұлттық валютадағы активтердің тартымдылығын арттыру мен теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасы сынды қабылданған шаралар ықпал етті", - дейді сарапшылар.
- Соңғы
-
-
-
- Қазан, 10
-
-
-
- Қазан, 08
-
-
-
- Қазан, 02
-
-
- Қазан, 01
-
-
-
- Қыркүйек, 30
-
-
- Қыркүйек, 29
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 қазан 2025
13 қазан 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар