Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Адам саудасына қарсы іс-қимыл» заңы көпшіліктің талқылауына шығарылды

inform.kz

«Адам саудасына қарсы іс-қимыл» заңы көпшіліктің талқылауына шығарылды

Құжатта көрсетілгендей, аталған заң адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және осы саладағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған. «Заңның күші ҚР азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ ҚР аумағында тұрақты тұратын не уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, ҚР аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген адамдарға қолданылады», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатта. Заңның міндеттері – адам саудасына байланысты қылмыстарға қарсы іс-қимылдың бірыңғай жүйесінің қызметін ұйымдастыру, құрбандарға көмек көрсету және олардың қауіпсіздігі мен жеке өмірінің құпиялылығын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, міндеттердің бірі - адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу. Мәлім болғандай, аталған заңда кәмелетке толмағандар арасындағы адам саудасының алдын алуға аса мән берілген. Яғни, бұл мақсатта жасөспірімдерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтіледі. Бұған қоса, тәрбие мекемелеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы бағдарлама әзірленбек. Заңды ашық талқылау 27 ақпанға дейін жалғасады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар