Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Еуропарламент Украинаның одаққа мүшеліктен үміткер атануын қолдады

azattyq.org

Еуропарламент Украинаның одаққа мүшеліктен үміткер атануын қолдады

Еуропарламент Украинаның Еуроодаққа мүшеліктен үміткер атануын қолдады. 28 қарашада Еуропарламент пен Украина Жоғарғы радасы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.Еуропарламенттің жетекшілері (президенттер конференциясы) Украинаға үміткер мәртебесін беру туралы 2022 жылы Еуропа кеңесінің шешімін қолдайтынын мәлімдеді. Сейсенбі күні Еуропарламент Украинамен оны одаққа қосу бойынша келіссөз бастау туралы Еуропа комиссиясының 2023 жылы 8 қарашадағы шешімін құптады. Енді Еуропа кеңесінің желтоқсандағы отырысында осы шешімдер бойынша келесі қадам жасалуға тиіс, деп жазды халықаралық БАҚ.Президенттер конференциясы Брюссель мен Киев арасында келіссөз басталуы үшін Украина реформаны жалғастыру бойынша шарттарды орындайды деп үміттенеді.28 қарашада Украина Жоғарғы радасының спикері Руслан Стефанчукпен бірге өткізген Брюссельдегі ортақ баспасөз конференциясында Еуропарламент жетекшісі Роберта Метсола Украинаны қолдауды жалғастыру қажеттігін атап өтті.Руслан Стефанчук меморандумға қол қойылуын "тарихи оқиға" деп атады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар