Батуми қаласынан ұшқан ұшақ Қара теңізге шұғыл қонды
Батуми қаласынан ұшып шыққан жеке екі орындық ұшақ техникалық ақауға байланысты Түркияның Ризе жағалауындағы Қара теңізге қонды, деп хабарлайды Kursiv Media.
TRT Haber мәліметінше, ұшақта Бельгия азаматтары болған. Оларды Түркия жағалау күзетінің қызметкерлері құтқарып, ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер олардың денсаулығына қауіп төніп тұрмағанын хабарлады.
Түркия көлік министрлігінің мәліметінше, ұшақтың қозғалтқышында ақау пайда болып, экипаж төтенше жағдай жариялаған. Осыдан кейін ұшақ Ризе-Артвин әуежайынан шамамен солтүстік-батысқа қарай суға қонуға мәжбүр болған.
Құтқару қызметтері оқиға орнына жедел жетіп, ұшақтағы екі адамды эвакуациялады.
Тағы да оқыңыз: Атырауда «Аэрофлот» ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды: жолаушы көз жұмған
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 10
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
11 қыркүйек 2026