Тимур Турлов Қазақстанды жаңа қаржы өнімдерін сынайтын жаһандық алаң деп атады
Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов «Astana Finance Days 2026» форумында Қазақстанның қаржы нарығы жаңашылдықтарды енгізуге ең қолайлы орта екенін айтты.
Оның пікірінше, Қазақстанда заманауи технологияларды тез қабылдап, түсінетін жастар көп. Осының арқасында біздің ел әлемдік деңгейде жаңа қаржы өнімдерін алғашқы болып сынақтан өткізетін таптырмас алаңға айналып отыр.
«Менің ойымша, қаржы әлемінде немесе цифрлық активтерде қанша жаңа технология шықса да, олардың түпкі мазмұны мен қаржының табиғаты өзгеріссіз қалады, тек қорғау мен ұсыну тәсілдері жаңарып жатыр», – дейді Тимур Турлов.
Айтуынша, отандық бизнес тек жергілікті деңгейде емес, әлемдік алыптармен бәсекелесуге мәжбүр, сондықтан жаһандық деңгейде мықты болу маңызды.
«Әрине, біздің елдегі ақша мен банктерді қадағалайтын басшылардың заман талабына сай жағдай жасап жатқанына қуанамын. Өйткені біз жаһандық бәсекеде жүрміз. Тіпті Қазақстанның ішінде де АҚШ пен Еуропа компанияларымен және ірі криптоқұрылымдармен бәсекелесуімізге тура келеді. Өз елімізде де жұмыс істеу үшін әлемдік деңгейде мықты болуымыз керек», – дейді ол.
Турлов елде жаңа технологияларға оң көзқараспен қарайтын жастардың көп екенін және қаржы нарығын қадағалайтын реттеушілердің заман талабына сай жұмыс істейтіні атап өтті. Осы қолайлы ортаның арқасында Қазақстан жаңа финтех өнімдерін алғашқы болып сынақтан өткізетін таптырмас зертханаға айналып отыр.
Оның пікірінше, егер бизнес осындай бәсекелі нарықта табысқа жете алса, демек, ол кез келген басқа жаһандық нарықта да еркін өсіп, биік нәтиже көрсете алады.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 10
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
11 қыркүйек 2026