Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Электр энергиясының шекті тарифтері өзгереді: министр бұйрыққа қол қойды

kz.kursiv.media

Электр энергиясының шекті тарифтері өзгереді: министр бұйрыққа қол қойды

Қазақстанда электр энергиясын өндіретін компаниялар үшін шекті тарифтер қайта қаралады. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов тиісті бұйрыққа қол қойды. Құжат 10 қыркүйектен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Жаңа өзгеріс 60 энергия өндіруші ұйымға қатысты. Яғни компаниялар электр энергиясын белгіленген шекті тарифтен жоғары бағамен сата алмайды.

Бұйрықта энергия өндіруші ұйымдар бірнеше топқа бөлініп, әрқайсысына жеке тариф белгіленген. Мысалы, кейбір топтар үшін тариф 10,92 теңге, ал кейбірі үшін 41,90 теңге/кВт·сағ деңгейінде көрсетілген.

Бұл тарифтер электр энергиясын өндіретін компанияларға қатысты екенін атап өткен жөн. Жаңа тарифтер 2026-2032 жылдарға арналған.

Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында 6 қыркүйекке дейін талқыланды. Энергетика министрлігі 60 энергия өндіруші компания үшін шекті тарифтерді қайта қарауды ұсынған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар