Павлодар облысында жаңа жоба дәрігерлерге түсетін жүктемені 32% азайтты
Өңір басшысы қаланың бірқатар медициналық мекемелері - №3 және №4 емханаларына және «Almaz Medical Group» ЖШС барды. «Үздік тәжірибелер орталығы» жобасы - алғашқы медициналық-санитарлық көмек жұмысын қайта форматтаудың жаңа құралы. Оның мақсаты - емханаға жүгінетін халық ағынын реттеу арқылы дәрігерлерге, учаскелік қызметтерге және тіркеу кеңсесіне түсетін жүктемені азайту. Бүгінгі таңда жоба Павлодар, Екібастұз және Ақсудағы 8 емханада іске асырылып, оң нәтижелерге қол жеткізілді. Осылайша, медбике бекеті мен онлайн кеңестерді енгізу учаскелік қызметтің жұмысын қайта форматтауға мүмкіндік беріп, жүктемесін 32% азайтты. Асайын Байханов емханаларға барғаннан кейін медициналық мекемелердің басшыларымен кеңес өткізіп, әрбір ем алушыға сапалы қызмет көрсетудің басымдығын белгіледі. Денсаулық сақтау басқармасына емханаларды одан әрі материалдық-техникалық жарақтандыру, кадрлар тапшылығын шешу, оның ішінде «аса қажет» мамандарды жұмысқа алу бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ, бас дәрігерлерге шағын аудандардың тұрғындары үшін «қадамдық» қолжетімділікте орталықтар ашу мәселесін пысықтау тапсырылды. Фото: Валерий Бугаев
- Соңғы
- Қараша, 07
-
- Қараша, 05
-
-
- Қараша, 04
-
- Қараша, 03
-
-
-
- Қазан, 30
-
-
- Қазан, 29
-
- Қазан, 22
-
-
-
- Қазан, 21
-
-
- Қазан, 20
-
- Қазан, 17
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
8 қараша 2025
8 қараша 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар