Қуат Хамитов ресейлік спортшыны тұншықтыру әдісімен жеңді
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Қуат Хамитов Мәскеуде өткен Fight Nights Global 98 турнирінде ресейлік Ахмад-Хан Боковпен айқасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл аралық салмақтағы жекпе-жек Хамитовтың мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталды: ол бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді. Бұл - Қуат Хамитовтың кәсіби мансабындағы 19-шы және соңғы төрт жылдағы алғашқы жеңісі. Ахмад- Хан Боков ММА-да бесінші рет сүрінді. Fight Nights Global-дың YouTube ресми каналында жекпе-жектің толық нұсқасы көрсетілді. 32 жасар қазақстандық 2019 жылдың сәуір айында әзербайжандық Нариман Аббасовтан (24-3) жеңіліс тапқаннан кейін рингке шықпаған. Хамитовты
- Соңғы
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
16 қыркүйек 2026
16 қыркүйек 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар