Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі Сергей Терещенко қайтыс болды

azattyq.org

Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі Сергей Терещенко қайтыс болды

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы премьер-министрі Сергей Терещенко 72 жасында бақилық болды. 10 ақпанда жергілікті БАҚ осылай деп хабарлады.Сергей Терещенко 1991-1994 жылдар аралығында Қазақстан премьер-министрі болған. Оған дейін 1991 жылы 16 қазан мен 16 желтоқсан аралығында Қазақ ССР премьер-министрі қызметін атқарған.Кейін Терещенко саясаттан кетіп, кәсіпкерлікпен айналысты. Жаңа өндіріс орындарын ашып, ферма, су электр станциясын салды. 2022 жылы Forbes оны Қазақстандағы ең ірі 50 кәсіпкер тізіміне енгізген.Терещенко "Интеграция" халықаралық қоры" ЖШС басқармасының төрағасы әрі ақырғы бенефициары болған. Азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы кәсіпорындар мен ұйым қауымдастығына жетекшілік еткен, ұлттық омарташылар одағының құрылтайшысы болған.Ол сонымен бірге Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының (қазіргі Түркістан облысы) құрметті азаматы атанған. Израильдің құрметті консулы болған.БАҚ-тың хабарлауынша, Терещенко өзін "түйетауықтан қазы жасайтын тұңғыш қазақ" деп атаған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар