Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Инвесторлар сенімінен айырылдық па: шетелдік инвестиция неге азайды

kz.kursiv.media

Инвесторлар сенімінен айырылдық па: шетелдік инвестиция неге азайды

Еуразиялық экономикалық комиссияның дерегінше, 2025 жылы Қазақстан ЕАЭО елдері арасында шетелдік инвестиция бойынша теріс көрсеткішпен шыққан жалғыз ел болды. Бұл туралы Energyprom.kz жазады.

Инвесторлардың елден алып кеткен ақшасы жаңадан салған инвестициясынан асып түсіп, таза шығын 916,4 миллион долларды құрады. Бұған дейінгі жылдардың салыстырғанда, инвестиция тарту көрсеткіші кері кеткенін байқатады.

Мысалы, 2023 жылы Қазақстан 5,7 миллиард доллар инвестиция тартып, одақ бойынша көш бастаған еді.

Салыстырар болсақ, Қырғызстанда инвестиция 31,4%-ға, Арменияда 6,4 есе өскен. Ресейде 11,1 миллиард доллар оң көрсеткіш тіркелсе ал Беларусьте шамалы (7,8%) төмендеген.

Бұл жағдайға ең алдымен ЕАЭО-дан тыс елдерден келетін қаржының азаюы себеп болды. Мәселен, АҚШ инвесторлары бұрын салған 4,2 миллиард долларын, ал Бермуд аралдары 2 миллиард долларын кері қайтарып алды.

Керісінше, Сингапур өз инвестициясын екі есеге ұлғайтып, 1,4 миллиард долларға жеткізсе, Катар қаржы құюды 8 есеарттырып, 1,3 миллиард долларға жуықтатты.

Ал ЕАЭО ішіндегі көршілерден келген инвестиция көлемі 3,7 есе азайып, 453,4 миллион долларды құрады.

Бұған Ресейден келетін қаржының 4,4 есе қысқаруы әсер етті. Соған қарамастан, Ресей әлі де одақ ішіндегі басты инвестор болып қала береді.

Инвестиция мұнай және тау-кен саласында қатты азайып кеткен. Мұндағы таза шығын 7,5 миллиард долларға жетті. Бұл ірі мұнай жобаларының аяқталу және инвесторлардың тапқан пайданы сыртқа шығара бастауымен түсіндіріледі.

Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі, ғылым және құрылыс саласында да төмендеген. Ал керісінше, қаржы мен сақтандыру саласы жедел дамып, ондағы инвестиция 10 есеге жуық өсті (2,7 миллиард доллар). Ақпарат және байланыс секторы да қарқын алып, түскен қаржы 4,4 есе артты (1,2 миллиард доллар).

Halyk Finance сарапшыларының бағалауынша, былтыр инвестиция ең алдымен бюджет қаражаты есебінен артқан. Бұған дейін экономиканы қолдаудың негізгі көзі болған Ұлттық қор трансферттері біртіндеп сыртқы қарызбен алмастырылып жатыр. Бірақ қағидат өзгермеген: статистикалық өсім негізінен мемлекеттік қатысудың арқасында қалыптасып отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар