ШҚО-да өзен суы қызғылт-сары түске боялды
Қарагожиха өзені суының ерекше түске енді. Бұл бұрынғы «Юбилейно-Снегирихинск» руднигін жою жұмыстарының салдары болып шықты.
YK-news.kz хабарлауынша, «Шығыстүстімет» ЖШС бұрынғы руднигі аумағындағы тексеруді 31 шілдеде жүргізген. Мамандар нысанды тексеріп, жер асты шахта сулары сыртқа шығып, жылға арқылы өзенге құятын бірнеше орынды анықтады.
«Тексеру барысында рудникті жою жұмыстарының тиісті деңгейде ұйымдастырылмағаны анықталды. Соның салдарынан жер астынан беткейге шығып жатқан шахта суларының көптеген ағындылары табылды»,– деп хабарлады ШҚО Экология департаментінің баспасөз қызметі.
Департамент мәліметінше, Рудник аумағында жиналған су жақын маңдағы жылғаға ағып түседі. Әрі қарай ол Карагожихаға құяды. Бұл оның түсінің айтарлықтай өзгеруіне себеп болған. Өзенге түскен ластаушы заттар судың сыртқы түріне ғана емес, оның химиялық және сапалық сипаттамаларына да әсер етіп отыр.
Экологтардың бағалауы бойынша, бұл жағдай су қоймасының табиғи гидрохимиялық режимін бұзып, оның экологиялық құндылығын төмендетті. Сонымен қатар, ағын бойымен әрі қарай таралып, өзеннің жаңа учаскелерін ластауы мүмкін.
Мұның алдында Тобыл өзенінің түбін снарядпен жарып, құм қазғандар ұсталған болатын.
- Соңғы
- Тамыз, 23
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 22
-
- Тамыз, 21
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
24 тамыз 2026