Әшімбаев: Әз-Наурыз – қуаныш пен шаттықтың, жаңару мен жаңғырудың мерекесі

«Құрметті достар! Баршаңызды Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Әз-Наурыз – қуаныш пен шаттықтың, жаңару мен жаңғырудың мерекесі. Тереңнен тамыр тартатын бұл мейрамды жақсылық пен жасампаздыққа ұмтылудың нышаны деп қабылдаймыз. Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық құндылықтарымыз төрге шығып, салтымыз бен дәстүріміз дәріптеледі. Шын мәнінде, халқымыз Наурыз айын жылдың басы деп қашанда ерекше көңіл-күймен қарсы алған. Осы күндері ағайын-туыстың басы қосылып, бұлақтың көзін ашу, ағаш отырғызу сияқты ізгі амалдар жасалған. Мұның бәрі – елдің ырысын арттырып, ынтымағын нығайтатын, ұрпақты татулық пен тазалыққа үндейтін игі істер, - деп жазды Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында. Сенат спикері тағылымы зор, өнегесі мол осындай мерекеде әр шаңыраққа амандық пен бақ-береке тіледі.
- Соңғы
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
11 мамыр 2025
11 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар