Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан-Пәкістан арасындағы тауар айналымы 73 млн долларға жетті

baq.kz

 Қазақстан-Пәкістан арасындағы тауар айналымы 73 млн долларға жетті

Астанада Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Пәкістан Ислам Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Науман Башир Бхаттимен кездесу өткізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, оның ішінде өзара сауданы жандандыруға және мүдделі компаниялар арасында тиімді қатынастарды орнатуға бағытталған нақты шараларды талқылады. Министр атап өткендей, екі ел арасындағы инвестициялық қатынастардың әлеуеті зор. Қазақстан энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, мұнай-химия, цифрландыру және т. б. салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі. Өз кезегінде Бхатти мырза Ислам Республикасы белгіленген бағыттары бойынша, оның ішінде IT саласындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін хабарлады. Сондай-ақ тараптар төмен көміртекті саясатты іске асыру шеңберінде "жасыл" экономиканы дамыту мәселелерін талқылады. Науман Башир Бхатти 2023 жылға арналған Жасыл климат қорының (GFR) тең төрағасы болып табылады. 2022 жылы Қазақстан-Пәкістан арасындағы екіжақты тауар айналымы $73,2 млн долларды құрады. Экспорт – $35,9 млн. Импорт- $37,3 млн.Биыл қаңтар-маусым айларында екі мемлекет арасында $28,3 млн сауда жасалды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар