Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Маңғыстау полициясы танымал блогерді ұстады

kz.kursiv.media

Маңғыстау полициясы танымал блогерді ұстады

Маңғыстау облыстық полициясы танымал блогерді ұстады. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техника жарнамасын жасаған, алайда оның жарнамасынан кейін тапсырыс бергендерге ыдыс-аяқ жетпеген деп жазады Kursiv Media.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жеке кәсіпкер Instagram парақшасында ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техниканы сатпақшы болады. Өнімін жарнамалау үшін танымал блогерді де тартады.

Тауарды сатып алғысы келген блогер оқырмандары сатушымен хабарласып, ақшаны жеке кәсіпкердің есепшотына аударған. Бірақ тапсырыс берген заттарын ала алмаған. Тергеу дерегіне сәйкес, түскен қаражат жеке мақсатқа жұмсалған. Құқық қорғау органдары ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техникаға ақша аударған бірнеше жәбірленушіні анықтаған.

Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы, яғни «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция ыдыс-аяқ сатушы кәсіпкер және оның өнімін жарнамалаған блогер ұсталғанын хабарлады.

Қазір тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап, басқа да сатып алушылардың зардап шеккен-шекпегенін тексеріп жатыр. Полиция әзірге келтірілген шығынның жалпы сомасы мен жәбірленушілердің нақты санын жарияламады.

Маңғыстаудағы инфлюенсер Азамат Сәрсенов ұсталған блогер 360 мың оқырманы бар Салтанат Аманқосова екенін жазады. Үш жәбірленуші арыз жазған, соның негізінде блогерді ұстаған дейді ол. Салтанат желіде өзінің жеке өмірі туралы түрлі лайфстайл контент жариялайды. Одан бөлек бірнеше жобаның амбассадоры екені де көрсетілген.

Блогер парақшасында соңғы видео бір апта бұрын жарияланған, стористерге шықпаған. Редакция оның менеджеріне де сауал жолдады, бірақ жауап келген жоқ.

Оқи отырыңыз: Алматыда TikTok эфирінде балағат сөз айтып, алкоголь ішкен екі блогер ұсталды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар