Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Путиннің Мариупольге барғаны хабарланды

azattyq.org

Путиннің Мариупольге барғаны хабарланды

Ресей президенті Владимир Путин Украинаның шығысында Ресей оккупациялап алған Мариуполь қаласына барған. Бұл туралы Кремль сайты хабарлады.Ресейлік басылымдардың жазуынша, Путин Мариупольге тікұшақпен барып, қаланы көлікпен аралаған. Путинмен бірге Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Марат Хуснуллин жүргені айтылды.Путин "яхт-клубтың жағалауын, театр ғимаратын, тарихи орындарды және "Невский" шағын ауданында жергілікті тұрғындармен сөйлесті" деп жазды кремльшіл басылымдар.Ресейлік РИА Новости мемлекеттік агенттігі жариялаған видеода көлік рөлінде отырған Путин Хуснуллинмен қаланы қалпына келтіруге кредит алу мәселесін талқылап отырғаны және филармонияның көрермен залын көріп жүргені байқалады.Кремльшіл телеарналар Путиннің "Мариупольде тұратын тұрғындармен сөйлесіп жатыр" деген видеолар көрсетті. Кадрдағы жұрт Путинге денсаулық тілейді.Бұл – Путиннің былтыр 24 ақпанда басталған соғыстан кейін оккупацияланған аймақтарға алғашқы сапары.Ресей Мариупольді 2022 жылы мамырда ұзақ шайқастан соң оккупациялап алған. Басқыншылық кезінде Ресей Мариупольді артиллериямен атқылап, толық қиратты.БҰҰ есебінше, қаладағы көпқабатты үйлердің 90 пайызы, жеке үйлердің 60 пайызы қираған. Соғысқа дейін Мариупольде 426 мыңдай адам тұрған. Олардың 350 мыңы қаланы тастап кетті. Ресейдің шабуылы салдарынан қалада 25 мың адам қаза тапқаны да айтылады.Ресей әскері Мариупольде әскери қылмыстар жасады деп күдікке ілінген. Мәскеу әскери қылмысты жоққа шығарады.7 наурызда Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путинді тұтқындауға ордер берді. Халықаралық қылмыстық сот Путин мен Ресейдің бала құқықтары жөніндегі уәкілетті өкілі Мария Львова-Белованы Украинаның оккупацияланған аймағынан халықты, соның ішінде балаларды күштеп көшіріп, әскери қылмыс жасады деп айыптаған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 желтоқсан 2024