Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алуа Балқыбекова жартылай финалға шықты

almaty-akshamy.kz

Алуа Балқыбекова жартылай финалға шықты

Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалында қазақстандық Алуа Балқыбекова жеңіске жетті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz. Ол күндізгі сеесияда 48 келі салмақта түркиялық Эриван Барутпен қолғап түйістірді. Бірінші раундта төрешілер Алуаның басымдығын бірауыздан қолдады. Ал екінші раундта төрешілердің үшеуі оған дауыс берсе, екеуі түркиялық спортшыға қолдау білдірді. Үшінші раундта да Алуа сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде қазақстандық боксшы қыз жартылай финалға жолдама алды. Бұл - кем дегенде қола жүлде қоржынға түседі деген сөз. Алуа Балқыбекова бұдан бұрын Азия чемпионы атанған. 2022 жылы әлем чемпионатында күміс медаль алды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 мамыр 2025