Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

FT: АҚШ Украинаға алысқа ұшатын ракеталарды беру туралы шешімді Зеленский бармай тұрып қабылдап қойған

azattyq.org

FT: АҚШ Украинаға алысқа ұшатын ракеталарды беру туралы шешімді Зеленский бармай тұрып қабылдап қойған

Джо Байден әкімшілігі Украинаға алысқа ұшатын ATACMS ракеталарын беру туралы шешімді Украина президенті Владимир Зеленский сапарына дейін қабылдап қойған. Бұл жөнінде дереккөздерге сүйенген британдық Financial Times басылымы жазды. Жуырда NBC арнасы дереккөздерге сүйене отырып, АҚШ президенті Зеленскийге ракета беретінін 21 қыркүйекте Вашингтондағы кездесу кезінде мәлімдеді деп жазған. Ақ үй бұл ақпаратты растаудан бас тартты.Financial Times басылымының жазуынша, Байден әкімшілігі Киевке ATACMS ракеталарын беретінін жария түрде айтпаған. Басылым дереккөздерінің болжамынша, бұл Ресей әскеріне жағдайды жеңілдетпес үшін жасалып отыр.Financial Times-тың жазуынша, әзірге ракета Украинаға берілмеген, бірақ жақын арада жеткізіледі деп айтылады. Мәселе санаулы ракета жөнінде болып отыр, алайда нақты қай түрі екені ресми түрде айтылмады.Ал сенбі күнгі журналистер брифингісі кезінде Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер "Байден Зеленскийге ракета беруге уәде берді ме?" деген сұраққа "мен тараған хабарға түсініктеме бермеймін. Президент бұған дейін ATACMS ракеталары талқылаудан түспеді деген. Жаңа нәрсе жоқ" деп жауап берген.Украина 300 шақырымға дейін ұшатын ATACMS ракеталарын HIMARS пен M270 қондырғыларынан ұшыра алады. Ақпарат құралдарының жазуынша, кассеталық әскери бөлшектермен жабдықталған ракеталар берілуі мүмкін. Мұндай ракеталар бірініші кезекте қарсылас жақтың жаяу әскеріне қарсы қолданылады және бір жерге шоғырланған техникаларды істен шығара алады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар